9 дей Иран халқына тыныштықты қайтарды
(last modified Sat, 31 Dec 2022 03:13:18 GMT )
Жел 31, 2022 09:13 Asia/Almaty
  • 9 дей Иран халқына тыныштықты қайтарды

Теһран жұма намазының имамы 9 дейді діннің жаңғыру күндерінің бірі деп атады. Бұл күні халықтың қатысуымен дұшпандардың қастандықтары сәтсіздікке ұшырап, тыныштық Иран халқына қайта оралды.

Теһрандағы жұма намазының имамы Казем Седиқи  9-шы дей ерлік күнің еске алып: «Бұл күні имам мен үмбет арасындағы бірлік тағы бір рет өзінің күшін көрсетіп, үмбет пен имам арасындағы Ислам діні пайда болғаннан бері мүміндер арасында жалғасып келе жатқан байланыстың үзілмейтінін дәлелдеді»,- деді. Седиқи сонымен қатар Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің бұрынғы қолбасшысы генерал-лейтенант Қасем Сүлейманидің шәһид болған күнінің жылдығына тоқталып: «Шәһид Сүлеймани өзінің құлшынысын, руханилығын және діндарлығын сахнадағы күресінде және революцияның құлдырауы мен шарықтауында көрсетті»,- деп айтты.

Теһран жұма намазының имамы  Ислам революциясы жетекшісінің шәһид Сүлеймани туралы «оның үстемшілдік үшін қатері, сондай-ақ шындық пен қарсыласу майданын қолдауы бұрынғыдан да жоғарырақ» деп айтқанына сілтеме жасап: «Оның пәк денесін жерлеу Иран халқының шәһид Сүлейманидің сипатына сай таза революцияны жақтайтынын көрсетті»,- деді.