Иранда Моссадтың 13 қызметкері ұсталды
https://itolqyn.com/news/iran-i66818
Иранның Барлау министрлігі Моссадтың 6 жедел тобын анықтап, осы тыңшылық-террорлық ұйымның 13 жедел қызметкерін тұтқындады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 10, 2023 17:19 Asia/Almaty
  • Иранда Моссадтың 13 қызметкері ұсталды

Иранның Барлау министрлігі Моссадтың 6 жедел тобын анықтап, осы тыңшылық-террорлық ұйымның 13 жедел қызметкерін тұтқындады.

22 желтоқсандағы мәлімдемесі бойынша Иранның Барлау министрлігі Моссад лаңкестік барлау ұйымының төрт жедел тобына шабуыл жасалғанын хабарлады: «Иран қауіпсіздік күштерінің тәулік бойы күш салуымен анықталған топтардың саны 6-ға жетті.  Бұл лаңкестік желіде Иранның Теһран, Исфахан, Язд, Батыс Әзірбайжан және Гүлістан облыстарында Моссадтың 23 жедел қызметкері мен қолдау элементтері анықталды. Осы уақытқа дейін ел ішінде болған 13 адам қамауға алынып, олардың түрлі операциялық құрал-жабдықтары да тәркіленді».