Қаң 12, 2023 17:02 Asia/Almaty
  • Иран армиясы әуе күштерінің қолбасшысы: Шекараны жіті бақылап отырмыз

Иран армиясы әуе күштерінің қолбасшысы: "Қазіргі таңда елде қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерімен айналысумен қоса, шекараның әрбір метрін жіті бақылап отырмыз",-деді.

"Қарсыласу" радиосындағы "Қолбасшы" бағдарламасына қатысқан Юсеф Қорбани: "Ешкім шекарамыздан өтпеуі үшін оның әрбір метрін жіті бақылап отырмыз",-деді.

Юсеф Қорбани: "Қасым Сүлеймани шәһид болғаннан кейін "Сүлеймани мектебі" қалыптасты. Велаятты бүкіл жан-тәнімен сезінген осындай сарбаздардың болуы – ислам үшін мақтаныш. Ислам мемлекеттерінде қарсыласу өзегі таралғандай осы мектеп те кең таралып келеді",-деді.

Шәһид Сүлеймани көзі тірісінде дұшпанға Исламдық Иранға немесе басқа ислам елдерінің ісіне араласуға дауаламайтындай істер атқарып кетті. 

Тегтер