Қаң 12, 2023 17:34 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Дұшпанның жоспары сәтсіздікке ұшырады

Ислам революциясының жетекшісі хазірет Фатима Захраның (с.) туған күніне орай Аһл-е бейтті мадақтаушылар және ақындардың бір тобымен кездесіп: "Дұшпанның жалпы жоспары сәтсіздікке ұшырады. Өйткені олардың есебі қате еді",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі бүгін, бейсенбі Аһл-е бейтті мадақтаушылармен кездесуінде жеке және қоғамдық істерде хазірет Фатима Захраның (с.) махаббаты мен ерік-жігерін өте әсерлі деп атап: "Мадақтау – шиіттік мұра және күрделі өнер түрі. Онда әдемі дауыс, жақсы өлең, қолайлы ырғақ пен терең мазмұн үйлесім табуы керек. Басқа да құнды діни мәтіндер сияқты барлық бөлшегі әдемі болуы тиіс",-деді.

Аятолла Хаменеи осы кездесуде дұшпанның бір елде бүлік шығарып, оны бүлдіруге қажетті барлық құралдарды қолданғанын айтып: "Қауіпсіздікті бұзу, тыңшылық топтарды енгізу, әлемде түрлі үгіт-насихат құралдарымен Ираннан үркіту, кейбір ішкі элементтерді өздеріне ілестіру, қауымдық, діни, саяси және жеке қайшылықтарды қоздырып арандату, жан-жақты жарнамалау – осының барлығы бірнеше ай бұрын басталған бүлік шығару факторларының қатарына жатады",-деді.   

Аятолла Хаменеи: "Бір бақылаушы ретінде дұшпанның жақсы ұйымдастырғанына "Бәрекелді" дедім. Өйткені әр нәрсені орнымен және тиісті көлемде дайындаған екен. Бірақ бірнеше елге әсер еткен бұл жоспар Иранда сәтсіздікке ұшырады, өйткені олардың есептері қате болды",-деп еске салды.

Ислам революциясының жетекшісі: "Иран халқы экономикалық қиындықтарға байланысты олардың режимді құлату және елді бөлшектеу жоспарын қолдайды деп ойлады. Боқауыз сөз айтып, тіл тигізу арқылы елдің басшыларын абдыратып, биліктен тайдырамыз деп ойлады. Арандату арқылы елдің жоғары лауазымды басшылары арасында пікір қайшылығын тудыра аламыз деп ойлады. АҚШ-қа жалданған бір елдің мұнайдан түстен долларларымен ИИР-дың ерік-жігеріне әсер ете аламыз деп ойлады. Пана алу үшін сатылған кейбір адамдарды арандатып, Иранға қарсы сөйлету арқылы жастарды үмітсіздендіреміз деп ойлады. Бірақ қателесті, ешкім оларға көңіл аудармады",-деді.

Аятолла Хаменеи: "Дұшпадардың ИИР-ға қарсы түрлі әрекеттер жасап келе жатқанына 40 жыл болды. Бірақ есептері қате болғандықтан осы күнге дейін жеңіліп келді, болашақта да жеңіледі",-деді.

Ол дұшпандардың қате есебі біздің қапыл қалуымызға себеп болмауы керегін айтып: "Біз де сақ болуымыз керек. Оқиға бітті деп тәкаппарлыққа салынбайық. Әрдайым дайын болуымыз қажет. Халықты сақтаудың факторы үміт пен ұлттық бірлік екенін қаперде ұстауымыз керек",-деді.

Тегтер