Ирандық гандболшылар әлемдік жарыстарда тарихқа енді
(last modified 2023-01-13T03:54:11+00:00 )
Қаң 13, 2023 09:54 Asia/Almaty

Иранның гандбол ұлттық құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының алғашқы ойынында Чилиді жеңіп, тарихқа енді.

Гандболдан ерлер арасындағы 28-ші әлем чемпионаты қаңтардың 11-і мен 29-ы аралығында Польша мен Швецияның бірлесіп қабылдауында 32 команданың қатысуымен өтеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның ұлттық гандбол командасы бейсенбі күні кешке Польшаның Краков қаласындағы «Тарон Арена» стадионында өткен алғашқы ойында Чилимен ойнап, 25-24 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құрама Испания, Черногория және Чили құрамаларымен А тобында.

Иранның гандбол ұлттық құрамасы екінші ойында (14 қаңтар) Черногориямен кездеседі.

Тегтер