Қаң 22, 2023 19:38 Asia/Almaty
  • Иран Парламентінің ұлттық қауіпсіздік комиссиясы Еуропа Парламентінің әрекетіне реакция ретінде үш баптық жоба ұсынды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының баспасөз өкілі Еуропа Парламентінің Сақшылар корпусына қарсы әрекетіне реакция ретінде үш баптан тұратын жоба дайындалғанын хабарлады.

Абулфазл Амуи: "Иран үкіметі осы үш баптан тұратын жобаны орындауға міндетті",-деді.  

Абулфазл Амуи: "Жоба бойынша еуропалықтар ирандық органдар, әсіресе ел конституциясында аты аталған Сақшылар корпусы мен Басидж ұйымы сияқты органдарды Еуроодақтың лаңкестік ұйымдар тізіміне қосатын болса, дәл өздеріндей қарымта жауап беріледі",-деді.

Абулфазл Амуи сондай-ақ Еуропа елдерінің адам құқығын бұзып жатқанына тоқталып: "Халықаралық құқықтарға қайшы қимыл-әрекеттер, соның ішінде адам өлтіру, геноцид және еуропалықтардың бұрын жасаған істері тіркеліп, халықаралық сот жүйесінде тексерілуі тиіс. Бұл жайттар Иран Парламентінің ұлттық қауіпсіздік комиссиясының жобасында қарастырылған",-деді.

Тегтер