Иранның АӨСШК сыртқы істер министрлерінің отырысын өткізуге дайын екендігін жариялады
Иран Сыртқы істер министрі Хүсейн Амир Абдуллахиан Азиядағы ынтымақтастық және сенім ұйымының бас хатшысымен кездесуінде АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің саммитін Теһранда өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сейсенбі күні Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ) Сыртқы істер министрлерінің отырысы аясында Қайрат Сарыбаймен кездесіп: «Иран АӨСШК ұйымына ерекше мән береді және ИИР Президентінің Астана саммитіне қатысуы және оның АӨСШК шешімін қолдауы ынтымақтастықтың артқанын көрсетеді»,- деді.
Бұл кездесуде Қайрат Сарыбай ИИР-ның АӨСШК ұйымының маңызды мүшелерінің бірі екенін және ұйымның шешім қабылдау үдерістеріне сындарлы қатысуын баса айтып, АӨСШК хатшылығының сыртқы істер министрлерінің кездесуін Теһранда өткізу туралы ұсынысты маңызды қадам ретінде бағалайды және бұл мәселені оң көзқараспен қолдайтынын мәлімдеді.