Ғарибабади Құран Кәрімді қорлауға реакция білдірді
Қаң 27, 2023 14:46 Asia/Almaty
Иран Сот билігінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары және адам құқығы штабының хатшысы адам құқықтарын талап етушілердің Құран Кәрімді қорлау мен мұсылмандардың қасиеттерін қорлауға үнсіз қалуына реакция білдірді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Казем Ғарибабади Twitter парақшасында: «Қасиетті Құран Кәрімді қорлауға қарсы адам құқықтарын талап етушілер деп аталатындардың үнсіз қалуы оның мұсылмандарына қарсы өшпенділік пен зорлық-зомбылықты таратудың айқын мысалы болып табылады. Мұндай әрекеттердің пікір білдіру және сөз бостандығына ешқандай қатысы жоқ»,- деп жазды. Бұған дейін көптеген араб және ислам елдері бұл әрекетті қатаң айыптады.
Тегтер