Амир Абдуллахиан Теһранның Баку елшілігі оқиғасының мән-жайын анықтауға дайын екенін қуаттады
(last modified Sat, 28 Jan 2023 12:23:05 GMT )
Қаң 28, 2023 18:23 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан  Теһранның Баку елшілігі оқиғасының мән-жайын анықтауға дайын екенін қуаттады

ИИР Сыртқы істер министрі Теһранның Баку елшілігі оқиғасының мән-жайын анықтауға дайын екенін қуаттады.

 

 

ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Twitter парақшасында: «Әзірбайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлескенімде мен ИИР Президенті Ибрахим Раисидің көңіл айту жолдауын жеткіздім. Ауруханаға барып Әзірбайжан Елшілігі қызметкерлерінің емделу барысы туралы сұрадым. Иран оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ынтымақтастыққа дайын. Осы қайғылы оқиғаға байланысты бауырлас ж»не көрші  елдің үкіметі мен халқына көңіл айтамыз»,- деп жазды.

2023 жылдың 27 қаңтары, жұма күнгі қарулы адамның Әзірбайжанның Теһрандағы елшілігіне шабуылында елшілік күзетшісі қаза тауып, тағы екі адам жараланды.