Ислам революциясының жетекшісі: Иранның даму перспективасы қазіргі болжамнан әлдеқайда жарқынырақ
(last modified Mon, 30 Jan 2023 14:57:09 GMT )
Қаң 30, 2023 20:57 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Иранның даму перспективасы қазіргі болжамнан әлдеқайда жарқынырақ

Ислам революциясының жетекшісі іргелі ғылымға негізделген салалардағы жүздеген өндірушілер, кәсіпкерлер және белсенділермен кездесіп, халықтың болашағы мен Иранның даму перспективасын қазіргі болжамнан әлдеқайда жарқынырақ деп атады.

Аятолла Хаменеи дүйсенбі күні осы кездесуде Иранның өндіріс және кәсіп ашу саласындағы белсенділердің оптимистік рухы, үмітке толы көзқарасы мен нақты іс-шараларына ризалық білдіріп: "Құдай берген қазба байлық, географиялық, саяси және халықаралық жағдай, әсіресе адам ресурсын ескерсек, елдің даму әлеуеті өте зор. Сол себепті халықтың болашағы мен Иранның даму перспективасы қазіргі болжамнан әлдеқайда жарқынырақ",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Иранның болашағы жарқын болу үшін ел экономикасының жылдам әрі үздіксіз дамуы керегін айтып, Жетінші даму бағдарламасында әділеттік сақталған экономикалық дамудың басымдықтарына тоқталып, экономиканы дамытудың дәлелдері мен қажеттіліктерін түсіндіріп: "Халықтың тұрмыстық қиыншылықтарын шешу үшін экономиканы дамыту керек",-деп баса айтты.

Аятолла Хаменеи биылғы жылдың "Өндіріс, іргелі ғылым және жұмыс орындарын ашу" деп аталуының бір түрткісі өткен жылы экономикалық белсенділермен кездесудің әсері деп айтып: "Екі күн бұрын көрген көрме жылдың ұранына қатысты жақсы істер атқарылғанын көрсетеді. Сол кездесудегі экономикалық белсенділердің елдің дамуы туралы сөздері жағымды жаңалықтарға үміт берді. 1401 жылдың бірінші жартысына қатысты ресми көрсеткіштер де даму жолындағы әрекетті көрсетті",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі көптеген салалардағы қазіргі жетістіктерді шамамен 15 жыл бұрын басталған ғылыми қозғалыстың жемісі деп атап: "Жас ғалымдар әлемдік ғылымның алғы шебінен өтіп, 50 жылдан кейін біреу ғылымдағы жаңалықтармен танысқысы келсе, парсы тілін үйренуге мәжбүр болатындай еңбек етуі керек",-деді.

Тегтер