Қаң 31, 2023 11:40 Asia/Almaty
  • Қалибаф ислам елдерінің стратегиялық саясат саласындағы ынтымақтастығын қуаттады

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы қиындықтар мен қауіп-қатерлерді жеңудің жалғыз шешімі – ислам елдері арасындағы ынтымақтастық және олардың стратегиялық және макро саясаттары саласындағы үйлестіру екенін қуаттады.

Мұхаммад Бақер Қалибаф, кеше, дүйсенбі күні Алжирдағы Ислам Ынтымақтастық Кеңесіне мүше мемлекеттер парламентаралық одағының отырысында: «Біз ислам елінің болашақ әлем картасын сызудағы тарихи және тағдырлы рөлін атқару орбитасына лайықты түрде оралуы үшін жаңа қозғалыстың қалыптасып келе жатқанына куә болып отырмыз. Бұл рөлге жету үшін барлық ислам елдерінің жоспарлы және мақсатты ұжымдық әрекеті қажет. Әрбір адам дауларды бейбіт жолмен шешуге ұмтылуы керек, ал диалог пен түсіністік олардың бір-бірімен өзара әрекеттесудегі бірінші басымдығы болуы керек»,- деді. Қалибаф: «Кедейлік, азық-түлік дағдарысы, дамымауы, терроризм мен экстремизм, Батыс әлемі басшыларының  жаулығы, Батыс әлемі басшыларының ислам мәдениетін әртүрлі жолмен таратуға қарсы дұшпандық әрекеттері және Ислам елдеріне қарсы біржақты заңсыз санкциялар қолдану – ислам әлемінің мәселелерінің бірі.

Тегтер