Қаң 31, 2023 12:57 Asia/Almaty

«Фаджр» онкүндігі мен Иран Ислам революциясы жеңісінің 44 жылдығы қарсаңында Иран Президенті мен 13-ші үкімет мүшелері Иран Ислам Республикасының негізін қалаушының идеалдарымен келісімдерін жаңартты.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Иран Президенті   Ибрахим Раиси мен 13-ші үкімет мүшелері бүгін, сейсенбі күні таңертең және  «Фаджр» онкүндігінің қарсаңында Иран Ислам Республикасының негізін қалаушының мұраттарымен келісімдерін жаңартты.

Осыдан 44 жыл бұрын, хиджраның 1357 жылы баһман айының 12-сі күні (1979 жылы 1 ақпан) Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы имам Хомейни (р.а.) он бес жыл қуғыннан кейін, халықтың ыстық ықыласына бөленіп, ел топырағына қадам басты.

Ол Иранға келгеннен 10 күннен кейін 1357 жылы 22 баһманда (1979 жылы 11 ақпанда) Иранның Ислам революциясы жеңіске жетті. 

Тегтер