Ақп 02, 2023 19:08 Asia/Almaty
  • Иранның ядролық саласындағы жетістіктеріне арналған көрме басталды

Иран Атом қуаты ұйымының ядролық саладағы соңғы жетістіктеріне арналған 53-ші көрме бүгін, бейсенбі осы ұйымның басшысы Мұхаммед Исламидың қатысуымен басталды.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл көрмеде Атом қуаты ұйымының жетістіктері, соның ішінде елдің ядролық қауіпсіздік жүйесінің орталығы, ядролық өлшеу жүйелерінің түр-түрін жобалау және жасау, ядролық балқыту технологиясы, кванттық білім мен технологияға қол жеткізу, түрлі өндірістік және медициналық лазерлерді жобалау және жасау, ядролық технология негізінде ауыл шаруашылығын дамыту, плазмалық технологияны дамыту, диагностикалық және емдік радиодәрілерді өндіру саласындағы жетістіктері жұрт назарына ұсынылды.     

Сондай-ақ 110 изотоптық биожасушаларды өндіру, Арак зерттеу реакторын модернизациялау, радиоактивті қалдықтарды басқару, Бушер атом стансасында электр қуатын өндіру үшін жағылатын қазба отын шығынын үнемдеу, Бушер атом стансасында электр қуатын өндіру салдарынан қоршаған ортаны ластайтын әртүрлі газдардың шығарылуын азайту, қуат өндіру және зерттеу реакторларына қажетті түрлі отын кешендерін жобалау және жасауға қатысты техникалық білімге қол жеткізу, цирконий мен жаңа қорытпаларды өндіру, жергілікті білім мен технология негізінде уран байыту, жергілікті білім мен шикізат негізінде түрлі центрифугаларды жобалау және жасау саласындағы жетістіктер де осы көрмеде жұрт назарына ұсынылды. 

Тегтер