Ақп 03, 2023 17:28 Asia/Almaty
  • Иранның экспорты 45 млрд доллардан асты

Иранның Сауданы дамыту ұйымының төрағасы: "Елдегі тауар экспорты 45 млрд 300 млн доллардан асты",-деп хабарлады.

Әлиреза Пейманпак: "Х.ш.ж.с.б 1401 жылдың алғашқы 10 айында экспорт көлемі 45 млрд 300 млн доллардан асты. Бұл өткен жылғы осындай мерзіммен салыстырғанда шамамен 18 пайызға артық",-деді.

Пейманпак: "Он үшінші үкімет экспорттық бағыттарды әралуандандыруды күн тәртібіне қойып отыр",-деді.

Иранның Сауданы дамыту ұйымының төрағасы: "Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау құны 52 млрд доллардан асатын болады",-деді.

Тегтер