Ақп 06, 2023 23:09 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің соңғы бүлікке қатысты айыпталғандар мен сотталғандарға рақымшылық жасауы – Ислам республикасы жүйесінің айбыны мен мейірімінің белгісі

Ислам революциясы жеңісінің 44 жылдығына орай және Режеп айының мерекелері қарсаңында Ислам революциясының жетекшісі соңғы кезде болған бүлікке қатысты айыпталғандар мен сотталғандардың көбіне рақымшылық жасап, жазаларын жеңілдетуге келісті.

Бұл келісімде көңіл аударарлық бірнеше маңызды жайт бар: бәрінен бұрын мұны Ислам революциясы жетекшісінің революция мен исламдық Иранды нығайтуға бағыталған қырағы да көреген шарасы деп айтуға болады. Дұшпандар соңғы бүліктерде Иран жүйесі мен халқына соққы беруге бар күш-қуатын салды, бірақ өткен жылдардағыдай бұл қастандық та жеңіліс тапты. Иран халқының бірлігі мен ислам республикасының айбыны дұшпандардың мақсаттарының орындалуына кедергі болды.

Басқа бір маңызды жайт: бұл рақымшылық – соңғы оқиғаларда дұшпандардың психологиялық соғысына алданып, соның әсерімен заң бұзушылыққа барғандардың кейбіреулеріне берілген мұрсат. Сондықтан Ислам революциясы жетекшісінің рақымшылық жариялауын ислами мейірімнің нәтижесі, қоғамда бірлікті сақтауға әсер ететін шара деп бағалауға болады. Өйткені Ислам республикасының жүйесі рақымшылық жасауға және қоғамдағы кейбір жағымсыз қылықтарды кешіруге негізделген.

Тағы бір жайт – ұлттық бірлік пен біртұтастықты сақтап қалу қажеттігі. Дұшпандар кейінгі кезде орын алған оқиғаларда Ирандағы түрлі қауымдар мен әлеуметтік топ өкілдері арасына іріткі салуға тырысты. Ислам революциясы жетекшісінің стратегиясы, барлау және қауіпсіздік күштерінің айбыны және халықтың бірлігінің арқасында дұшпандар бұрынғыдай жеңіліске ұшырады.

Және бір маңызды жайт: рақымшылық жасау Иран ислам жүйесінде тұрақтылық пен қауіпсіздіктің сақталғанын көрсетеді. Шын мәнінде бұл шара Иран ислам жүйесінің әлсіремегені былай тұрсын, өз күш-қуатына сенгендіктен өздерінің бұрыс істеріне өкініш білдірген айыпталушылар мен сотталғандарға кешірім жасай алатынын да көрсетті.

Тегтер