Иран армиясы Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге  көмек көрсетуге дайындығын жариялады
(last modified Tue, 07 Feb 2023 11:48:23 GMT )
Ақп 07, 2023 17:48 Asia/Almaty
  • Иран армиясы Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге  көмек көрсетуге дайындығын жариялады

Иран армиясы Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге  көмек көрсетуге дайындығын жариялады.

Түркия мен Сириядағы қорқынышты жер сілкінісін ескере отырып, ИИР-ның армиясы өзінің гуманитарлық міндетіне сай бір сағат бұрын Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге   Әскери-әуе күштерінің ұшақтарын, сондай-ақ жердегі салалардағы мамандарды, инженерлік және медициналық қызметкерлерді жіберу арқылы көмек көрсетуге дайындығын хабарлады.

Иран армиясының қоғаммен байланыс бөлімі  көңіл айтып,  зардап шеккендерге жанашырлығын білдіріп, Түркия мен Сирияның қажеттілігі мен өтініші жарияланған бойда қажетті көмек шаралары қолға алынатынын мәлімдеді.

 

Тегтер