Израиль қаруын болатпен қамтамасыз ететін аймақтың қай елі?
(last modified Sat, 12 Oct 2024 11:22:49 GMT )
Қаз 12, 2024 17:22 Asia/Almaty
  • Израиль қаруын болатпен қамтамасыз ететін аймақтың қай елі?

ParsToday – Түрік үкіметінің қайраткерлері сионистік режимге болат экспорттауды шектедік деп мәлімдегенімен, статистика бұл елдің Израиль режиміне болат экспортының 100 есе артқанын хабарлайды.

Түрік экспортшылар қауымдастығы TIM баяндамасында: «Соңғы 8 айда түрік болатының сионистік режимге экспорты 100 есе өсті»,- деп жариялады. ParsТoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, түрік журналисі  Метин Джейхан осы тұрғыда: «Түркия сионистік режим армиясының қажеттіліктерін болатпен қамтамасыз етуді жалғастыруда, бірақ кеден құжаттарында экспорттауды жалған түрде Палестина атынан жазып отыр»,- деді.

Middle East Eye веб-сайты да хабарында түрік кәсіпкерлерінің Израильге кейбір өнімдердің экспортын арттырғанын, себебі үкіметтің бұл мәселеде қатаң емес екенін алға тартты.

«Әл-Ақса дауылы» операциясынан бірнеше күн өткен соң түрік үкіметі кейбір өнімдердің, соның ішінде болаттың Израильге экспортын шектейтінін жариялады.

Израиль өзінің жаппай қырып-жою қаруын жасау үшін болатты пайдаланады. Жарияланған статистикалық мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің болат қажеттілігінің 65 пайызын Түркия қамтамасыз етеді.

Тегтер