Ақп 09, 2023 16:58 Asia/Almaty
  • Иранның барлық қалалары мен ауылдарында Ислам революциясының жеңісі тойланады

Иранның Исламдық үгіт-насихатты ұйымдастыру кеңесінің төрағасы елдің түрлі өңірлерінде Ислам революциясының жеңісі тойланатынын айтып: "Биылғы 22 бахман шеруі 38 мың ауыл, 1400 қалада өтеді",-деді.

Мұхаммедхұсейн Мұсапур бүгін, бейсенбі Фаджр онкүндігіне арналған баспасөз отырында коронавирусқа байланысты 2 жыл бойы 22 бахман шеруі өтпегенін, биыл халықтың бірлігі, тілеулестігі мен біртұтастығына куә болатынымызды айтып: "38 мың ауыл мен 1400 қалада 22 бахман шеруі өтеді. 6 мың БАҚ өкілі осы шеру жайлы ақпарат таратады",-деді.

Мұхаммедхұсейн Мұсапур Ислам революциясын тарихта теңдесі жоқ оқиға деп атап: "Иран халқына қарсы жасалған қастандықтардың әрқайсысы кез келген елді жер жастандыруға жеткілікті еді. Бірақ Ислам революциясы төтеп беріп, оларды залалсыздандырып қана қойған жоқ, алға жылжып, дами түсті",-деді. 

Тегтер