Діни үлгілер халықты 22 бахман шеруіне шақырды
Діни үлгілердің бір тобы Иран халқын 22 бахман шеруіне қатысып, дұшпандарға ұлттық бірлікті көрсетуге шақырды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шиіттік діни үлгілердің бірі аятолла Насер Макарем Ширази халықты 22 бахман шеруіне қатысуға шақырып: "Иран халқы ертеңгі шеруге қатысу арқылы өз дауыстарын әлем халықтарының құлағына жеткізсін. Бұл дұшпанның сағын сындырып, беделін түсіреді",-деді.
Басқа бір діни үлгі аятолла Хұсейн Нури Хамадани: "Халықтың ертеңгі шеруге жаппай қатысуы ислам мен Иранға дұшпандарды үмітсіздендіріп, елдегі бірлік пен біртұтастықты одан ары нығайта түседі",-деді.
Сондай-ақ діни үлгі аятолла Абдулла Джавади Амоли Ислам революциясының жеңісі күніне орай жасаған мәлімдемесінде исламдық Иранның әрбір азаматын 22 бахман шеруіне қатысуға шақырып, барша жұрт ертеңгі шеруге кең түрде салтанатпен атсалысады деп үміт білдірді.