11 ақпан - Ислам революциясы жеңісінің 44 жылдығы
Ауа райының суықтығына қарамастан, Исламдық Иран халқы Ислам революциясының көктемінің 44 жылдығына арналған 22 бахман шеруіне жаппай қатысты.
Бүгін (сенбі) 1401 жылдың 22 бахманы, сәйкесінше 2023 жылдың 11 ақпаны - Иран Ислам революциясының жеңісінің 44 жылдығы.
Қыстың суық ауа-райында Теһран халқы 22 бахман шеруіне қатысу арқылы жүйе мен ислам революциясының идеалдары мен құндылықтарын әлі де қолдайтынын тағы бір рет дәлелдеді. Олар Азади алаңына апаратын жолдармен революциялық ұрандар жазылған плакаттарды, революцияның көсемі имам Хомейнидің, қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеидің, қауіпсіздікті қорғаған шәһидтер және шәһид Сүлейманидің суреттерін көтеріп жүріп өтті.
Ислам революциясы жеңісінің 44 жылдығында Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласының халқы бүкіл елмен бірге көтеріліп, 22 баһман шеруіне бір ауыздан қатысты.
Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан облысының шиіт және суннит халқы да басқа ирандықтармен бірге ұлттық және революциялық сахнаға қатысып, көшеге шықты және осы суық ауа райында Ислам революциясын қорғаудағы тамаша тарихына тағы бір алтын парағын қосты.
Иранның солтүстігіндегі Мазандаран тұрғындары да көшелерге шығып, «Ұлтымыз ояу, Американы жек көреді» деген ұрандармен, Ислам революциясынан 44 жыл өтсе де Ислам революциясына табандылық танытты.
Бүкіл исламдық Иранмен бір мезгілде елдің батысындағы Күрдістан облысының ынталы, төңкерісшіл және әрқашан сахнасында болатын халқы да белгіленген бағыттардағы ынта-жігерімен 22 бахман күні шеруге қатысты.
22 бахман шеруі Иранның 38 мың ауылы мен 1400 қаласында өтті және 6 мың ирандық және шетелдік БАҚ өкілдері осы шеруді жариялады.