Раиси: Иранның ұлы халқы дұшпандардың қастандықтарына абыроймен төтеп берді
Иран Президенті өз жолдауында халыққа 22 бахман шеруіне белсене қатысқаны үшін алғыс айтып: "Иранның ұлы халқы дұшпандардың қастандықтарына абыроймен төтеп берді",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси өз жолдауында: "Халық революцияның жеңіске жеткен күнін ұлықтап, азаттық пен бостандық жолында қаза тапқандарды еске алып, шеруге бір кісідей қатысуы 1979 жылғы Ислам революциясының әлі де тірі және өз жолын қарқынды жалғастырып жатқанын көрсетті. Бұл революция – ақиқат пен әділет іздеген адамдардың жылдар бойғы талпынысы мен жанпидалығының нәтижесі",-деді.
Жолдауда: "Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бастап Иран халқы үстемшіл жүйенің қастандықтары, соның ішінде 8 жылға таңылған соғыс, экономикалық эмбарго және зұлым санкциялардың куәсі болды. Қазір де дұшпандар құрама соғыс арқылы Иран халқының арман-мақсаттарына қарсы күресуді мақсат етіп отыр. Бірақ Иранның ұлы халқы бұл кедергілердің барлығынан абыроймен өтті, өте береді де",-делінген.