Ақп 12, 2023 21:47 Asia/Almaty

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы 22 бахман шеруі аясында Iran Press ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында халықтың жүрегінен орын алған Сақшылар корпусын оның ажырағысыз бір бөлігі деп атады.

Генерал-майор Бағери осы сұхбатта: "Сақшылар корпусына қысым жасау мен санкция салудың Иран халқы үшін еш мәні жоқ. Олар бұдан қайта нығая түседі",-деді.

Генерал-майор Бағери: "Иран халқы Сақшылар корпусы және Қарулы күштермен бірге ортақ мақсаттарды орындайды",-деді.

Иран Қарулы күштері бас штабының басшысы: "Дұшпандар өз мақсаттарына жетпейді. Иран халқы революцияның арман-мақсаттарын толық орындайды",-деді.

Тегтер