Ақп 14, 2023 12:43 Asia/Almaty

ИИР-ның Сирия халқына гуманитарлық көмек көрсеткен жетінші ұшағы осы елдің солтүстік-батысындағы Алеппо әуежайына келді.

ИИР-ның Алепподағы бас консулы Салман Наваб Нури дүйсенбі күні кешке ИРНА агенттігіне берген сұхбатында: «Бұл ИИР-ның Алеппоға ұшақпен жеткен үшінші гуманитарлық көмек. Бұл ұшақта 30 тонна азық-түлік пен құрғақ сүт бар, олар жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардағы халыққа   таратылады»,- деді.

Бұған дейін Ираннан әуе көмегінің екі партиясы Дамаскіге, екі жөнелтімі Латакияға және тағы екі жөнелтімі Алеппоға жіберілген болатын. Бұл ұшақты Алеппоға жіберуімен ИИР-ның Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа жіберген ұшақтарының саны жетіге жетті.

Тегтер