Сардар Шариф: Ешбір күш Исламдық Иранға қарсы ең кішкентай әрекетке батылы бармайды
https://itolqyn.com/news/iran-i67646
Ислам революциясы Сақшылар корпусының баспасөз хатшысы: «Ешбір күш Исламдық Иранға қарсы ең кішкентай әрекетке батылы бармайды»,- деп баса айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 14, 2023 13:48 Asia/Almaty
  • Сардар Шариф: Ешбір күш Исламдық Иранға қарсы ең кішкентай әрекетке батылы бармайды

Ислам революциясы Сақшылар корпусының баспасөз хатшысы: «Ешбір күш Исламдық Иранға қарсы ең кішкентай әрекетке батылы бармайды»,- деп баса айтты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Сардар Рамзан Шариф Мұнафеқин лаңкестік тобының қозғалыстары және кейбір еуропалық үкіметтердің бұл топқа қолдау көрсетуі туралы: «Иран халқы бұл топ мүшелерін жақсы біледі және олардың халыққа жасаған қылмыстарын ұмыту мүмкін емес»,- деді.

Сақшылар корпусы өкілі бұл елдің жерін және халқын қорғау үшін  шетелдіктердің қажеті жоқтығына тоқталып: «Біз американдықтар да, басқа державалар да исламдық Иранға қарсы ең кішкентай әрекетке баруға батылы жетпейтін қорғаныс және әскери күш деңгейіне жеттік»,- деп мәлімдеді.