Ақп 17, 2023 20:13 Asia/Almaty
  • Иран музыкасы – әлемдегі мәдени дипломатияның ең әсерлі жолдарының бірі

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі ирандық музыканы халықаралық сахнадағы мәдени дипломатияның ең әсерлі жолдарының бірі деп атады.

Бүгін, жұма Иранда 38-ші Фаджр музыка фестивалі басталды.    

38-ші Фаджр музыка фестивалі қарсаңында Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Мұхаммедмехди Исмаили хат жолдап: "Текті те бай тарихқа ие ирандық музыкада мәңгі қалар құнды туындылар мен атақты композиторлар бар. Әралуан әлеуетке ие музыка әрдайым халықаралық сахнадағы мәдени дипломатияның ең жақсы әрі әсерлі жолдарының бірі саналады",-деп жазды.

Дәстүрлі ән жүлдесі мен музыка және ақпарат жүлдесін табыстау, ән-күй кеші мен зерттеу отырыстарын өткізу – биылғы фестивальдің бағдарламаларының бірі.

Тегтер