Ислам революциясының жетекшісі: Иранофобияның негізгі себебі - Ислам Республикасының Палестинаны ашық және ойланбай қолдауы
(last modified Sat, 18 Feb 2023 15:46:19 GMT )
Ақп 18, 2023 21:46 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Иранофобияның негізгі себебі - Ислам Республикасының Палестинаны ашық және ойланбай қолдауы

Ислам революциясының жетекшісі: «Ислам жүйесі ешкімге бас имей, Палестина халқын ашық қолдап, қорғай отырып, оларға қолынан келгенше көмектесуді жалғастырады»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Хаменеи бүгін Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.)  Мабас күнімен тұспа-тұс жүйенің лауазымды тұлғалары, ислам елдерінің өкілдері мен елшілері және халықаралық Құран жарыстарының қатысушылары мен қонақтарымен кездесуінде Ислам республикасының езілген палестиналықтарды қолдаудағы айқын және ашық ұстанымдарына тоқталып: «Өкінішке орай, Палестина халқына көмектесуге міндетті үкіметтердің өздері Ислам дұшпандарының иранофобиясымен келіседі»,- деп айтты. Ол Палестина мәселесін Ислам үмбетінің маңызды әлсіздігі мен жарасының бірі деп атап: «Ислам әлемінің көз алдында бір халық пен ел күн сайын қатыгез  және зұлым режимнің шексіз қысымына ұшырауда. Бірақ осыншама байлыққа және мүмкіндігіне ие Ислам елдері бұл қанішер режимге әрекетсіз қарап, тіпті кейбіреулері, әсіресе соңғы уақытта, бұл режимге қолдау көрсетуде. Жағдай тіпті АҚШ, Франция және тағы бірнеше үкіметтердің мұсылмандардың мәселесін шешеміз деп өздеріне Ислам әлеміне араласу құқығын беруіне жетті. Негізінде өздері дәрменсіз және өз мәселелерін шешуге және елдерін басқаруға қабілетсіз. Егер исламдық үкіметтер алғашқы күннен-ақ игі ниет иелерінің, соның ішінде Нажафтың ұлы ғұламаларының сөздеріне құлақ асып, басып алушы режимге табанды түрде қарсы тұрса, бүгінгі Батыс Азия аймағындағы жағдай басқаша және Ислам үмбеті көп жағынан біртұтас әрі күштірек болар еді»,- деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ, олар Беғсат іліміне қайта оралуды, мұсылман халықтарының бірлігі мен жанашырлығын және исламдық үкіметтердің шынайы және ресми ынтымақтастығын Ислам үмбетінің барлық мәселелерінің шешімі деп атады және жақында Түркия мен Сирияда орын алған және көптеген халықтың өліміне әкелген үлкен жер сілкінісіне байланысты өкініш пен қайғыны білдіріп: «Палестина тақырыбы және АҚШ-тың араласуы сияқты саяси мәселелердің маңыздылығы кез келген жағдайда Ислам үмбетінің назарында болуы керек»,- деді. Аятолла Хаменеи сондай-ақ Ұлы Пайғамбардың (с.ғ.с.) жіберілуін Алланың адамзатқа берген ең үлкен сыйы деп тауып: «Пайғамбардың (с.ғ.с.) беғсатының ұлылығына сай ешбір сый жоқ. Беғсаттың шақыруы дүниенің ақиқатты талап етушілерінің құлағына жетсе, олар міндетті түрде оған тартылады. Беғсаттың қазынасы сарқылмас. Бұл қазыналар адамның бұл дүниеден ақыретке дейін бақытын қамтамасыз ете алады»,- деп қуаттады.