Иранда балық өсіруге арналған ең ірі жылжымалы тор қолданысқа берілді
(last modified Mon, 20 Feb 2023 15:25:42 GMT )
Ақп 20, 2023 21:25 Asia/Almaty

Бір кезеңде 30 тонна балық өсіруге жарамды ең ірі жылжымалы тор Гүлістан облысының Гомишан ауданында Каспий теңізінің жағасында орнатылды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аталмыш жылжымалы тордың диаметрі 30 метр, ауданы 700 шаршы метрден асады, биіктігі 6,5 метр.

Иранның Ауыл шаруашылығы министрлігінің теңізде балық өсіру саласына өзгеріс енгізу бағдарламасы бойынша х.ш.ж.с.б. 1401 жылы (2026 жыл) Гүлістан облысында 8 мың тонна балық өндіру жоспарланып отыр.