Иран әлемде болат өндіру бойынша тоғызыншы орынға шықты
(last modified Thu, 23 Feb 2023 12:39:46 GMT )
Ақп 23, 2023 18:39 Asia/Almaty
  • Иран әлемде болат өндіру бойынша тоғызыншы орынға шықты

Дүниежүзілік болат ассоциациясы: "Иран бір сатыға көтеріліп, әлемде болат өндіру бойынша тоғызыншы орынға шықты",-деп хабарлады.

2023 жылдың алғашқы айында Иран 2 млн 700 мың тонна шикі болат өндірді. Былтырғымен салыстырғанда өндіріс көлемі 27,7 пайызға жоғарылады.  

Дүниежүзілік болат ассоциациясы (World Steel Association) мәліметінше, биылғы қаңтар айында әлемде болат өндіретін 63 ел 145 млн 300 мың тонна болат өндірген. Былтырғымен салыстырғанда өндіріс көлемі 3,3 пайызға төмендегенін көруге болады.  

Қазіргі таңда Қытай, Үндістан, Жапония, АҚШ пен Ресей – әлемде болат өндіретін 5 үздік ел.

Оңтүстік Корея, Германия, Бразилия мен Иран әлемде болат өндіру бойынша сәйкесінше 6-9-шы орындарда тұр.