Ақп 24, 2023 18:19 Asia/Almaty

Бүгін, 2023 жыл 24 ақпан, сәйкесінше х.ш.ж.с.б. 1444 жыл 3 шағбан –шиіттердің үшінші имамы хазірет Хұсейннің туған күні әрі Сақшылар күні.

3 шағбан – Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) насихаттаған ислам мен шариғатты сақтау жолында жанын құрбан еткен ұлы тұлғаның туған күні. Имам Хұсейн (ғ.) Кербала даласында бүкіл әлемге азаматтық пен абырой дәрісін үйретті. Бұл ұлы тұлға – Құран Кәрім мен исламды қорғаудың үздік үлгісі.

Иран Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни (р.) имам Хұсейннің (ғ.) туған күнін Сақшылар күні деп атады. Сөйтіп үшінші имамның азаттығы, қырағылығы мен абыройы мәңгіге шиіттердің, әсіресе Ислам революциясы сақшыларының өмірлік үлгісі болуын мақсат тұтты.    

Тегтер