Ақп 24, 2023 19:09 Asia/Almaty
  • Сардар Салами: Иран армиясы мен Сақшылар корпусының бірлесуі дұшпанның үрейін ұшырды

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: "Иран армиясы мен Сақшылар корпусының бірлесуі және елдің тежегіш қуаты халықты қуантса, дұшпанның үрейін ұшырды",-деді.

Сардар Салами Иранның оңтүстік-батысындағы Хузистан облысының Дезфул қаласында орналасқан Вахдити әуе базасының қолбасшысы бригада генералы Джавад Валадимен кездесуінде Хузистан облысының солтүстігіндегі армия мен Сақшылар корпусы қолбасшыларына алғыс айтып, қарулы күштерді бірлігі жарасқан қырағы күш деп атады.

Сардар Салами: "Дұшпан соғыстың барлық фронтын іске қосты. Жинағанының бәрін ортаға салды. Сақтағанның бәрін алаңға шығарды. Саддамнан бастап тәкфиршілдер мен лаңкестерге дейін бізбен соғысты. Бірақ ештеңе істей алмады",-деді.  

Бригада генералы Джавад Валади хазірет Хұсейннің (ғ.) туған күні және Сақшылар күнімен құттықтап: "Иран армиясы мен Сақшылар корпусының бірлесуі – аймақ бойынша ең жоғары деңгейдегі интеграция",-деді.  

Тегтер