Ирак Қорғаныс министрі Иран Президентімен кездесті
Иран Президенті Ирак Қорғаныс министрімен кездесуінде екі елдің шекарасын достық пен әріптестік шекарасы деп атап: "Ирак көршілес елдерге қарсы қастандық ұйымдастыратын жерге айналмауы тиіс",-деді.
Раиси осы кездесуде: "ИИР Ирактың қауіпсіздігін өз қауіпсіздігі санайды. Бұл елде тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуды қолдайды",-деді.
Раиси сондай-ақ Иранның Ирак үкіметіне осы елдің экономикасы мен армиясын қайта жандандыруға көмектесуді жалғастыратынын хабарлады.
Ирак Қорғаныс министрі Иранның Ирак халқына бөгделердің шабуылы мен ДАИШ-тың басқыншылығы кезінде толық қолдау көрсеткеніне алғыс айтып: "Бағдат үкіметі мансапқұмарларға екі елдің шекарасы мен жерін теріс пайдаланып, тынышсыздандыруға рұқсат бермейді",-деді.