Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: Ядролық өнімдерді экспорттауға ниеттіміз
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы: "Басқа елдерге ядролық өнімдерді экспорттауға ниеттеніп отырмыз. Отандық мамандар жасаған ядролық өнімдерді экспорттауға мүмкіндік бар",-деді.
Мұхаммед Ислами жексенбі күні Шәһид Беһешти университетінде өткен 29-шы ядролық конференция аясында Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Ядролық өнеркәсіпке қатысты мақсаттар белгіленіп, бағдарламалар жасалды және реттеу жұмыстары жүргізілді",-деді.
Ислами биылғы ядролық жетістіктерге тоқталып: "Ауыр оталарда қолданылатын қан қоюландырғыш ұнтақ санкцияға ұшыраған зат еді. Биыл біз мұны өзіміз өндіріп, қолданысқа бердік. Ол Азық-түлік және дәрі-дәрмек ұйымының сертификатын алды. Енді бұл өнімді экспорттауға болады",-деді.