Ақп 28, 2023 01:09 Asia/Almaty
  • Джебели: Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызметі халықаралық лаңкестікке қарсы күрестің алғы шебінде

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы: "Әлемдік қызмет торабы халықаралық лаңкестік пен басқыншыларға қарсы күрестің алғы шебінде",-деді.

Пейман Джебели Қарсыласу қозғалысының шәһид болған БАҚ өкілдерін еске алуға арналған алғашқы рәсім аясында Iran Press тілшісіне берген сұхбатында: "Әлемдік қызмет торабының шәһид тілшілері күрестің барлық сахналарында болған",-деді.

Пейман Джебели: "Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызметі оннан аса шәһид беріп, әрдайым күрескерлердің жанынан табылып келеді",-деді.

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы: "Иран Телерадио бірлестігі тілшілерінің қаны Ирак, Сирия мен Ауғанстандағы шәһидтердің қанымен біте қайнасып кетті",-деді.

Қарсыласу қозғалысының шәһид болған БАҚ өкілдерін еске алу рәсімі дүйсенбі күні Теһранда Иран мен шет елдердің жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық БАҚ өкілдері және Иран, Сирия, Ливан, Ирак, Йемендегі шәһидтердің жанұяларының қатысуымен өтті.

Тегтер