Иран әлемде алтын өндіретін 7 елдің қатарында
https://itolqyn.com/news/iran-i68052
Иранның алтын мен зергерлік бұйымдар жасаушылары мен экспорттаушылары одағының басшысы: "Иран әлемде алтын өндіретін 7 елдің қатарында",-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 02, 2023 18:02 Asia/Almaty
  • Иран әлемде алтын өндіретін 7 елдің қатарында

Иранның алтын мен зергерлік бұйымдар жасаушылары мен экспорттаушылары одағының басшысы: "Иран әлемде алтын өндіретін 7 елдің қатарында",-деп хабарлады.

Сейіт Ходжат Шафахи сәрсенбі күні Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Иранда алтын мен зергерлік бұйымдар жасайтын 10 мыңға жуық кәсіпорын бар",-деді.

Шафахи өткен онжылдықта алтын мен зергерлік бұйымдар өнеркәсібінің айтарлықтай дамығанын айтып: "Отандық инженерлер осы өнеркәсіпке керек техниканың бір бөлігін кері инженерия тәсілімен жасап алды, ал басқа бір бөлігін ойлап тапты. Олардың шетелдік аналогы жоқ",-деді.

Шафахи: "Иранның алтыны шетелдік нарыққа шығып, бәсекеге түсе алады",-деді.