Теһран жұма намазының құтпалары
https://itolqyn.com/news/iran-i68232
Теһран жұма намазының құтпагері: "Иранның Жоғары соты оқушылардың улану мәселесіне қатыстыларға қатаң қатынас көрсетуі тиіс",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 10, 2023 20:23 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Иранның Жоғары соты оқушылардың улану мәселесіне қатыстыларға қатаң қатынас көрсетуі тиіс",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Ахмад Хатами Теһран жұма намазының құтпаларында Ислам революциясы жетекшісінің оқушылардың улану мәселесін тексеріп, бұған қатыстыларға қатаң қатынас көрсетуге бұйрық бергенін айтып: "Иранның Жоғары соты осы мәселеге қатысты әлеуметтік желілерде қауесет тарататын адамдарға да қатаң қатынас көрсетуі тиіс",-деді.

Аятолла Ахмад Хатами: "Дұшпандар бұл оқиғадан үш мақсатты көздейді. Біріншіден, елде қауіпсіздікті бұзып, қоғамда тынышсыздық тудырады. Өйткені қауіпсіздікті сезіну қауіпсіздіктің өзінен маңыздырақ. Екінші мақсат – Иран перзенттерінің білім алуын және ғылыми дамуын тоқтату. Үшінші мақсат – ИИР жүйесі мен діндар адамдарға айып тағу. Бұл – жүз пайыз күнә болып саналатын айыптардың бірі",-деді.