Нау 12, 2023 16:39 Asia/Almaty
  • Джебели: Иран экономикалық және когнитивті соғысқа ұшырап отыр

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы осы ұйымның әлемдік қызмет торабының алғашқы медиа өнімдері фестивалінің жабылу рәсімінде өткен күзде әйелдің орны мен абыройын сылтауратып үш ай бойы іріткі салып, бүлік шығаруды Иранға қарсы аралас соғыс деп атады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пейман Джебели осы рәсімде: "Парсы тіліндегі оппозициялық арналар Иран халқының мәдениеті, наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптарын жоюға тырысып жатыр. Бұл мәдени соғыс басында Саддамның Иранға қарсы әскери соғысы мен Батыстың Саддамға әскери қолдауынан басталды",-деді.

Иран Телерадио бірлестігінің басшысы әлеуеттерді пайдалануды дұшпандардың қастандықтарын сәтсіздікке ұшыратып, жеңіске жетудің кілті деп атады.

Пейман Джебели Сауд Арабиясының Иранмен қарым-қатынасын жақсартуға талпынуы және АҚШ басшыларының ядролық келіссөздерді нәтижесіз қалдыруға тырысуын Иранның осы аралас соғыста сәттілікке жеткенін көрсететін дәлел деп атады. Бұл жағдай әртүрлі елдерді Иранмен әріптестік жасауға ынталандырып отыр.  

Тегтер