Нау 12, 2023 22:17 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Сафави: Иран мен Сауд Арабиясының келісімі АҚШ-тың аймаққа үстемдігін тоқтатады

Иранның Бүкіл күштерінің бас қолбасшысыынң аға кеңесшісі: "Иран мен Сауд Арабиясының дипломатиялық қатынасты қайта бастауға келісуі АҚШ-тың Парсы шығанағы аймағындағы үстемдігін тоқтатады",-деді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Яхия Рахим Сафави жексенбі күні Теһранда ИИР армиясының авиация мұражайын ашу рәсімінде АҚШ пен сионистік режимнің құлдырау кезеңінің басталғанына тоқталып: "Көршілес елдерге көңіл бөлу және Шығысқа бет бұру Иранның геосаяси салмағы артып, халықтың қазіргі жағдайдан аман шығуына себеп болады",-деді.   

Генерал-майор Сафави: "Иран АҚШ пен Еуропа арасында Украинадағы соғыс пен Тайвань шиеленісіне қатысты пайда болған текетіреске бір мұрсат ретінде қарауы тиіс. Қытай және Ресеймен ортақ мүдделер негізінде және АҚШ-тың үш еуропалық елге (Ұлыбритания, Германия мен Франция) қарсы қоқан-лоқыларын ескеріп, айқын стратегиямен әрекет етеді",-деді.

Генерал-майор Сафави Қытайдың араағайындығымен Иран мен Сауд Арабиясының келісімге келгеніне тоқталып: "Бұл байланыс болашақта НАТО мен Батыстың әскери қуатына төтеп беретін бөгет ретінде рөл атқара алады",-деді.

Тегтер