Раиси: Үкімет өзін шетелдегі ирандықтар үшін жауапты деп санайды
(last modified Thu, 16 Mar 2023 03:06:54 GMT )
Нау 16, 2023 09:06 Asia/Almaty
  • Раиси: Үкімет өзін шетелдегі ирандықтар үшін жауапты деп санайды

ИИР Президенті үкіметтің өзін шетелдегі ирандықтар үшін жауапты деп санайтынын баса айтты.

Иран Президент кеше (сәрсенбі) шетелде тұратын ирандықтардың Теһрандағы Наурыз жиынында ирандық болмысты сақтауды шетелде тұратын ирандықтар үшін өте маңызды деп атады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Ибраһим Раиси кеше шетелдегі ирандықтардың Наурыз отырысында ирандық болмыстың сақталуын шетелдегі ирандықтар үшін өте маңызды деп тауып: «Иран Ислам Республикасы шетелдегі ирандықтарды Иран азаматы ретінде қарастырады»,- деді. Раиси шетелдегі ирандықтардың құқықтары және үкіметтің оларға қатысты міндеттері бар екеніне тоқталып, шетелде тұратын қандастарына: «Сіздердің перзентеріңіз бен перзентеріңіздің балалары  ирандық болмысын ұмытпауы керек»,- деп баса айтты.