Нау 16, 2023 10:48 Asia/Almaty
  • Иранның Қазақстандағы жаңа елшісі Амир Абдуллахианмен кездесті

ИИР-ның Қазақстандағы жаңа елшісі Әлиакбар Джокар міндетін атқару жерге кетер қарсаңында Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдуллахианмен кездесті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл кездесуде Амир Абдуллахиан Иран мен Қазақстанның өткен 30 жылдағы қарым-қатынастары әрқашан достық және ізгі ниетке негізделгенін айтып, екі елдің қарым-қатынастарын нығайту жолындағы күш-жігерге тоқталды. Абдуллахиан сондай-ақ Иран мен Қазақстан арасындағы саяси кеңестердің жоғары деңгейіне ризалығын білдіріп, екі елдің мүмкіндіктерін екіжақты сауда ынтымақтастығын, әсіресе көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика  және білімге негізделген экономика салаларында кеңейту үшін пайдалану қажеттігін қуаттады.

Иранның жаңа елшісі де осы кездесуде Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың соңғы жағдайы туралы есеп берді.