Канани: Еуропарламент Иран халқына қарсы өшпенділік тарататын орынға айналды
(last modified Sat, 18 Mar 2023 12:07:34 GMT )
Нау 18, 2023 18:07 Asia/Almaty
  • Канани: Еуропарламент Иран халқына қарсы өшпенділік тарататын орынға айналды

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Еуропарламенттің елдің кейбір мектептеріндегі улануларға қатысты қарарына оеакция білдіріп: «Еуропарламент Иран халқына қарсы өшпенділік тарататын орынға айналды»,- деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани, Еуропарламенттің кейбір ирандық мектептердегі оқушы қыздардың жағдайымен байланысты күдікті және тергеудегі оқиғаларға қатысты қарарына реакция білдіріп: «Иран бұл мәселені елдің ең жоғары деңгейінде шындап қолға алып, Денсаулық сақтау министрлігінің мамандандырылған топтары да өздерінің салалық және ғылыми зерттеулерін байыппен жалғастыруда. Еуропарламенттің қарарын шығару және Иранға қарсы жалған және негізсіз айыптауларды қайталау таңқаларлық және өкінішті. Еуропарламенттің соңғы әрекеттеріне қарағанда,  бұл қылмысқа қатысы бар қылмыскерлер анықталып, жазаланса, Еуропарламенттің адам құқықтарын сылтауратып, сол қылмыскерлерді қорғап, олардың жазаланбауын талап етуі үшін қайта көтерілуі таңғалатын жәйт болмайды»,- деп мәлімдеді.