Нау 21, 2023 10:48 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас хатшысы: Наурыз – диалог пен ынтымақтастықтың мүмкіндігі

БҰҰ Бас хатшысы Наурыз мейрамының келуімен құттықтап, Наурыздың адамзаттың мәдени мұрасы мен алуан түрлілігінің мейрамы және диалог пен ынтымаққа мүмкіндік беретінін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Антонио Гутерриш  Наурыз мерекесіне байланысты жолдауында: «Наурызды - Жаңа жылдың басы және көктемнің келуі»,- деп жариялады. Антонио Гутерриш сондай-ақ Наурыз баршаға бейбітшілік, диалог пен ынтымақтастық құндылықтарын үйренуге, адам құқықтары мен қадір-қасиетіне адалдығын растауға, өзара құрмет пен келісімге жәрдемдесуге және табиғатпен үйлесімділікте планетаны қорғауға мүмкіндік беретінін айтты. БҰҰ  Бас хатшысы: «Бұл күні дүние жүзіндегі 300 миллионнан астам адам отбасымен және достарымен кездесіп, өткенді еске алып, жарқын болашаққа үміт артады»,- деді.

Тегтер