Иран Йемендегі әскери тұтқындарды айырбастау туралы келісімді құптады
Нау 22, 2023 09:54 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Халықаралық Қызыл Крест ұйымының бақылауымен Йемендегі әскери тұтқындарды алмасу туралы келісімді құптады.
ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Насер Канани кеше (сейсенбі) Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің осыған байланысты талпыныстарын гуманитарлық мәселелердің ілгерілеуі мен Йемен дағдарысын саяси реттеу үдерісін күшейту жолындағы маңызды қадам деп атады.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы осы келісімнің жемісті болуымен және қалған тұтқындарды босату үдерісінің жалғасуымен Йеменде саяси диалогтар мен жан-жақты бейбітшілік орнату үшін қажетті сенімнің қамтамасыз етілетініне үміт білдірді.
Тегтер