Сәу 02, 2023 15:38 Asia/Almaty
  • Теһранда 30-шы Халықаралық Құран көрмесі басталды

Теһранда 30-шы Халықаралық Құран Кәрім көрмесі басталды.

Сенбі күні Теһранда Рамазан айына орай "Сені оқимын" деген ұранмен  ИИР Президенті Ибрахим Раисидің қатысуымен 30-шы Халықаралық Құран Кәрім көрмесі басталды.

Бұл көрме 49 бөлімнен тұратын 1800 стендте 37 мекеменің әріптестігі және Құран саласындағы белсенділердің қатысуымен өтіп жатыр.

30-шы Халықаралық Құран Кәрім көрмесінің ашылу рәсімінде Құран Кәрімге қызмет етушілерді мадақтаудың 28-ші кезеңі өтіп, Құран оқу, жаттау, зерттеу, көркем жазу, компьютерлік бағдарлама жасау, Құран істерін басқару, қасиетті кітап жайлы фильм түсіру және діни оқыту салаларында қызмет істейтін 12 адам марапатталды.

Көрменің халықаралық бөлімі келесі дүйсенбіде ислам елдерінің елшілері мен шетелдік қонақтардың қатысуымен басталады.

30-шы Халықаралық Құран Кәрім көрмесі 15 сәуірге дейін жалғасады.

Тегтер