Раиси: Мұсылман елдерінің басшылары ислам үмбетін біріктіруі тиіс
(last modified Mon, 03 Apr 2023 15:15:13 GMT )
Сәу 03, 2023 21:15 Asia/Almaty
  • Раиси: Мұсылман елдерінің басшылары ислам үмбетін біріктіруі тиіс

ИИР Президенті Йеменнің жоғары саяси кеңесінің басшысына жолдауында ислам үмбетін біріктіру керегін баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, Ибрахим Раиси Махди әл-Машатқа хатында Рамазан айын ғибадат, жүректі тазарту, өзін-өзі тәрбиелеу және материалдық дүниеден босау айы деп атап, Йемен мен оның ақиқат жолына қадам басқан мұсылман халқына даму мен гүлдену тіледі.

ИИР Президенті осы хатта: "Ислам елдерінің басшылары Рамазан айында Құранның тағылымдарына мен осы берекелі айдың рухани құндылығына берік болып, ислам үмбетінің бірлігі мен біртұтастығын қалыптастыруы керек",-деді.

Раиси: "Барша мұсылмандар осы жолда бірлесе талпыныс жасап, әлемде исламның атын жоғары көтеруі тиіс",-деді.