Сәу 04, 2023 19:36 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бақери: Қарулы күштердің ғарыштық бағдарламасы жылдам қарқынмен жалғасуда

Иран Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы Мешхед пен Исфаханда дұшпанның тыңшылық және лаңкестік әрекеттерінің залалсыздандырылғанын жариялап, қарулы күштердің ғарыштық бағдарламаларының ілгерілеуі жылдам қарқынмен жалғасуын мәлімдеді.

ИИР Қарулы күштері Бас штабының қолбасшысы генерал-майор Бақери: «Көптеген жерсеріктерін ұшырып, оларды орбитаға шығару қарулы күштердің өткен жылғы тағы бір жетістігі болды. Осыған байланысты қазір бізде Жер орбитасында күн сайын қажетті ақпаратты тарататын екі жерсерігі бар. Қарулы күштердің ғарыштық бағдарламасы қарқынды дамып келеді»,- деді.

 

Тегтер