Ислам революциясының жетекшісі: Батыстықтар жалпы адам құқығына қарсы
(last modified Thu, 06 Apr 2023 11:43:27 GMT )
Сәу 06, 2023 17:43 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Батыстықтар жалпы адам құқығына қарсы

Ислам революциясының жетекшісі батыстықтардың адам құқығы туралы уәждеріне сенуге болмайтынын айтып: "Батыс елдері жалпы адам құқығына қарсы",-деді.

Имам Хасан Мұджтабаның(ғ.) туған күні кешінде парсы тілі мен әдебиеті ұстаздары, жас және жасамыс ақындар Ислам революциясының жетекшісімен жүздесті.

Аятолла Хаменеи осы кездесуде батыстықтардың адам құқығы туралы уәждеріне мүлде сенуге болмайтынын айтып: "Батыс елдері жалпы адам құқығына қарсы. Олардың адам құқығын ДАИШ-ты құрғанынан, адамды тірідей өртегенінен немесе суға батырғанынан, Мұнафықтар мен Саддамды қолдағанынан және Палестина мен Газаға қарсы қылмыстарды қолдағанынан көруге болады",-деді.

Аятолла Хаменеи Батыс елдерінің Теһран көшелерінде мүмін жастардың өлтірілгенін қолдағанын адам құқығын қолдаушымыз деген уәждерінің жалғандығын дәлелдейтін тағы бір мысал деп атап: "Біздің ең пәк жастарымыз, соның ішінде Арман Әливерди пен Рухолла Аджамиан Батыс ақпарат құралдарының арандатуымен азапталып өлтірілді",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі дұшпан және оның мақсаттары мен тәсілдерін тану керегін айтып:"Дұшпан жүргізіп отырған жұмсақ соғыстың көлемін білу бәріне керек. Ал өнер және мәдениет саласының белсенділеріне мұны білу өте қажет. Сонда олар үнсіз қалмай, басқаларды да дұшпанның шабуылынан сақтандырады",-деді.

Аятолла Хаменеи елде мүмін әрі революцияшыл ақындардың көптігіне ризалық білдіріп: "Ақынның рухы сезімге толы. Алайда күрделі мәселелерге эмоциямен қарамау керек. Керісінше олар жағдайға дұрыс баға беріп, ойланып, өз міндетін өнер арқылы орындауы керек",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі парсы поэзиясы Иран тарихында моңғолдардың шапқыншылығы сияқты ең ауыр кезеңде сақталып қалғанына тоқталып: "Қазіргі заманның моңғолдары, яғни батыстықтар басқаша шабуыл жасап жатыр. Отарлау заманындағы қылмысқа толы қара тарихпен қоса, олар қазіргі заманда Саддам сияқты диктаторды түрлі қарулар, әсіресе химиялық қарулармен жарақтап Иранға айдап салды, содан кейін елге санкциялармен шабуылын тоқтатпай отыр",-деді.  

Аятолла Хаменеи дәрі-дәрмек саласында санкция салу және түрлі сылтаулармен вакцина әкелінуіне кедергі жасауды Батыс елдерінің Иранға қарсы шабуылының бір үлгісі деп атап: "Егер оларда мүмкіндік болса, исламдық Иран мен оның халқын азық-түліктен мақрұм қалдырушы еді",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі қараниеттілердің Иранға шабуылының тағы бірін жалған да бұрмаланған ақпарат пен қауесеттерді тарату үшін мыңдаған ақпарат құралын пайдаланып шабуыл жасау деп атап: "Дұшпанның осындай әрекеттерінің мақсаты – адамдарды байыппен ойлау қабілетінен айыру, ұлттың тәуелсіз рухы, бірлігі мен исламдық тәжірибесін әлсірету",-деді.

Аятолла Хаменеи әйелдің дінін әлсіретуді Иранға қарсы мақсаттардың бірі деп атап, Ислам революциясының жеңісінде және одан кейінгі жылдары әйелдердің әсерлі рөл ойнағанын айтып: "Батыс елдері ирандық әйел мен оның құқықтарын сақтауды көздемейді. Керісінше ирандық әйелге кек сақтаған. Олар өздерін әйелдің азаттығы мен құқығын жақтаушымыз деп өтірік таныстырып отыр",-деп еске салды.