Сәу 09, 2023 17:50 Asia/Almaty
  • «Ұлттық ядролық технология күніне» орай ИИР-ның Атом энергиясы ұйымының жетістіктері таныстырылды

ИИР-ның Атом Қуаты Ұйымының басшысы «Ұлттық ядролық технология күні» мерекесіне орай осы ұйымның жетістіктерін таныстырды.

1402 жылдың 20 фарвардині (2023 ж. 9 сәуір) Иран Ислам Республикасының ядролық өнеркәсібі тарихындағы бетбұрыс кезеңі және дұшпандардың барлық санкцияларына қарамастан ирандықтардың ядролық қуатқа қол жеткізудегі ұлттық мақтаныштарын еске алу болып табылады.

Бұл күні Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық технология мен уранды толық байыту тізбегіне ие болғаны туралы хабар жарияланды. Барлық санкциялар мен қастандықтарға қарамастан, Иран ядролық отын өндірудің толық цикліне қол жеткізе алды және центрифугалардың жаңа буынын иемденіп, оны Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіне жариялау арқылы уранды байыту технологиясы бар елдердің бірі болды және ядролық клубқа мүше елдер қатарына қосылды.

Иран Атом Қуаты ұйымының басшысы Мұхаммад Ислами 9 сәуірдегі Ұлттық ядролық технология күнін уағдаластықты жаңарту және уәдені орындау күні деп санап, елдң 20 радиофармацевтикалық жобаның жүзеге асырылуын мәлімдеді. Мұхаммед Ислами 9 сәуір «Ұлттық ядролық технология күні» мерекесіне орай Иран Телерадио бірлестігінің бірінші желісінің бағдарламасына қатысып, былай деді: «1401 жылы үлкен күш-жігермен 159 жетістік тіркелді, олар ғылыми-техникалық және өндірістік жетістіктер болды. Біз өнімдер секторында бірнеше қадамдар жасадық, бірі өткен жылы бірнеше түрлі қуаттармен бастаған радиациялық жүйелер мәселесі, олар жобаланған және білімге негізделген желімен шығарылған. Бұл сәулелендіру жүйелері дәнді дақылдар мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін сәулелендіру үшін пайдаланылуы мүмкін»,- деді. Ислами Иранның радиофармацевтикалық компанияларына да санкция салынғаны туралы: «Еліміздегі жалғыз радиофармацевтикалық компанияға санкция салынды, бұл олардың адам құқығын талап етулерінің жақсы үлгісі, олардың адамгершілік пен адам құқығы туралы түсініктерінің жоқтығын көрсетеді.  Олардың барлық мақсаты Ирандағы ядролық технологияны тоқтату және жою болды және олар табысқа жете алмады және ешбір әдістерінен нәтиже алмады»,- деп айтты.

Тегтер