Сәу 09, 2023 17:59 Asia/Almaty
  • ИИР адам құқықтары жөніндегі көзқарасы құжаты жарияланды

Иранның адам құқығы штабының хатшысы Ислам республикасының бес жылдық адам құқығы көзқарасы құжатын жариялады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның адам құқығы штабының хатшысы Казем Ғарибабади адам құқықтарын үйлестіру кеңесінің отырысында ИИР-ның адам құқығының көзқарасы құжатына қатысты: «Осы саланың мамандары, сарапшылары мен мүдделі тараптарының қатысуымен жүргізілген көптеген шолулар мен кездесулердің нәтижесі болып табылатын бұл құжат Жоғарғы штабтың кеңесінде мақұлданды және Ирандағы адам құқықтарын қарастыратын алғашқы құжат болып табылады. Бұл бес жылдық құжат Иранның әділеттіліктің туын көтеруші және адам құқығы саласындағы стандартты орнатушы болатындай етіп жоспарланған. Бұл құжатта 15 мақсат қарастырылған, оның ішінде ең маңыздысы адам құқықтарының әлеуеті мен ілімдерін дамыту және түсіндіру, құқықтар мен міндеттер саласындағы қоғамның хабардар болуына ықпал ету,  адам құқықтарын ілгерілетуге байланысты қызметке қатысты әртүрлі институттар арасындағы үйлестіруді нығайту, әйелдердің ішкі және халықаралық аренадағы орнын құрметтеу, Конституциямен тең негізгі құқықтар мен заңды бостандықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету және атқарушы органдарда адамдардың құқықтарын бұзатын және адам құқықтарына зиян келтіретін процестерді анықтау және оларды жоюға тырысу болып табылады»,- деп мәлімдеді. Ғариб Абади, Иранның адам құқықтары перспективалық құжатындағы сегіз стратегияға сілтеме жасай отырып: «Адам құқықтарының ішкі және сыртқы жағдайын бақылау және талап ету, Ислам қағидалары мен негіздеріне, ұлттық заңдар мен ережелерге және халықаралық міндеттемелерге негізделген адам құқықтарын дамыту және ілгерілету және қорғау, Адам құқықтары саласындағы хабардарлықты арттыру,   адам құқықтарын бұзуды қолдаушыларды   жауапты ету, осал адамдар мен топтардың адам құқықтарына ерекше назар аудару, адам құқығы туралы уәжденетін елдердегі адам құқықтарының бұзылуын көрсету, Иранның халықаралық аренадағы адам құқықтары саласындағы саясатын түсіндіру және ілгерілету, Иранның адам құқығының ұлттық және халықаралық аренадағы жетістіктері мен көрсеткіштерін түсіндіру Иранның адам құқығы көзқарасы құжатының сегіз стратегиясы болып табылады»,- деді. Ғарибабади Иранның адам құқығы штабының хатшылығынан Ирандағы адам құқығының жағдайы туралы жыл сайынғы есептерді жинақтап, жариялауды талап етуді ерекше жаңалық болып табылатын көзқарас құжатының маңызды нүктесі деп атады.

Тегтер