Сәу 14, 2023 18:10 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік Құдс күні  шеруінің қортынды мәлімдемесі: Бірлік - жаһандық үстемдікті жеңудің кілті  

Дүниежүзілік  Құдс  шеруінің ирандық қатысушылары:  «Бірлік - жаһандық үстемдікті  жеңудің кілті»,- деп жариялады.

Палестина мен Құдстың азаттығын қолдаудағы  Ислам әлемінің бірлігі мен ерік-жігерінің көрінісі    және  Иранның ұлттық қауіпсіздігін нығайту болып табылатын Дүниежүзілік Құдс күнінің жалпыұлттық шеруіне қатысушылар: «Ислам әлемінің бірлігі мен ынтымағы жаһандық үстемдшілер мен олардың қастандықтарын жеңудің кілті болып табылады»,- деп жариялады. Бұл мәлімдемеде антисионистік қарсыласуды күшейту мен қолдауды Палестина мәселесінің жалғыз шешімі ретінде атап көрсетіліп, әлемнің түкпір-түкпірінен палестиналық босқындардың елге оралуы және осы елдің болашақ тағдырын анықтау үшін жан-жақты және еркін референдум өткізуге баса назар аударылды.

Тегтер