Канани: Құдс күні шеруін өткізу имам Хомейнидің Палестинаға деген көзқарасының жаһандануын көрсетеді
(last modified Sat, 15 Apr 2023 09:47:03 GMT )
Сәу 15, 2023 15:47 Asia/Almaty
  • Канани: Құдс күні шеруін өткізу имам Хомейнидің Палестинаға деген көзқарасының жаһандануын көрсетеді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иран мен әлемнің басқа аймақтарындағы Құдс күні шерулері мен жиындарын имам Хомейнидің Палестина мәселесіне деген көзқарасының жаһандануының белгісі деп атады.

Насер Канани Чафи Дүниежүзілік Құдс күні шеруіне халықтың көп қатысуына сілтеме жасай отырып, Twitter-де: «Бүгінгі Иран мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі шерулер мен жиындар имам Хомейнидің Палестина мәселесіне деген көзқарасының жаһанданғанын айқын көрсетеді. Израильдің жалған режимі бұрынғыдан да тұрақсыз және Палестинаның бостандығы бұрынғыдан да жақын»,- деп жазды.

 

Тегтер